Сарықамыс мөлтек ауданы мен колледж территориясына тазалық жұмыстарын жүргізді.
Атырау қаласы әкімінің шешіміне сәйкес 21 қыркүйек жалпықалалық сенбілік деп жариялануына орай Атырау энергетика және құрылыс колледжіні білім алушылары Сарықамыс мөлтек ауданы мен колледж территориясына тазалық жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар облыстық “Жас Отан” жастар қанатының бастамасын колледж студенттері құптап “Таза жағалау” акциясына белсене қатысты.