Студент жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу
2021 жылдың 26 қазан күні Атырау энергетика және құрылыс колледжінің мәжіліс залында студент жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында жиын ұйымдастырылды.Қазіргі таңда құқық мәдениеті үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасы негізінде жасақталған колледждің тәрбие жұмысының басым бағыттарының бірі — азаматтық – патриоттық, құқықтық тәрбие. Бұл –студент жастардың өсіп-өнуіне бірыңғай көзқарас қалыптастыруға ықпал етеді.
Жеке тұлғаның құқықтық мәдениеті жөнінде әсіресе, мыналарды баса көрсетуге болады: біріншіден, кез келген азамат өзінің құқығын, бостандығы мен міндетін анық түсінуі әрі оны бағамдап, парықтай білуі, екіншіден, осыларды мүмкіндігінше, іс жүзінде, өз өмір тәжірибесінде пайдалана алуы тиіс.Құқықтық мәдениетті қалыптастырып дамыту — еліміздің болашағын айқындаушы көрсеткіштердің бірі десек, өскелең ұрпаққа сапалы құқықтық білім мен саналы тәрбие беру оқытушылар қауымынан білімділікті, құқықтық білімдерін үнемі жетілдіруді, нормативтік — құқықтық құжаттармен үздіксіз танысып, жұмыс барысында оларды басшылыққа алуда үрдіске айналдыруды, салалық мекемелермен, отбасымен тығыз ынтымақтастық қарым – қатынас орнатуды және қажырлы еңбекті қажет етеді.
Кездесу барысында, Атырау қаласы полиция басқармасының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторы полиция майоры Каражанова Гульмира Сабыржановна және полиция капитаны Табаракова Айгерім Қуандыққызы, №4 қалалық емхана психологі Мұрынова Зульфия Жақсылыққызы «Әкімшілік құқық бұзушылық», «ҚР қылмыстық кодекс және ұрлық, қорқыту туралы», «ҚР кодексінің 336-1 бапқа сәйкес, қоғамдық орындарда шылым тартпау туралы» түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шараға 1 және 2 курс студенттері мен топ жетекшілере қатысты. Жалпы қатысқан студенттер саны – 120 ;