«СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ» АТТЫ ДӘРІС
2021 жылғы 26 қазан күні Атырау энергетика және құрылыс колледжінде Тәрбиенің жылдық жоспары сәйкес колледждің оқу корпусында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» атты тақырыпта студенттерге дәріс ұйымдастырды.
Іс-шараның мақсаты: мемлекетімізде, әр ұжымда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу саясатының маңыздылығын түсіндіріп, «2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы» Стратегиясының өзектілігін насихаттау.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жұмыстары, сыбайлас жемқорлық бойынша құқықбұзушылықтың жауапкершілігі және түрлері туралы дәріс жұмысындп баяндады.
Іс шарада сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегия «100 нақты қадам» және Ұлт жоспары бойынша мемлекеттіміздегі сыбайлас жемқорлықты алдын алуға байланысты тақырыптар қозғалды.
Сыбайлас жемқорлықты келешекте түбегейлі жеңеміз деген үміт бар. «Ел сенімін ер ақтар, ер сенімін ел ақтар» демекші, Елбасы бастамасын Қазақстан халқы қолдап, өркениетті 30 елдің қатарынан көрінуге мақсат қоюда. Бұл мақсатқа жету үшін мемлекеттік құрылымдарды кәсібилендірмей, сапасын көтермей, мемлекеттік қызметті жемқорлықтан таза ұстамай алға жылжу, өзіміз көздегендей әлемнің озық 30 елінің қатарынан көріну мүмкін емес. Ұлт жоспарын бағдар еткен Қазақстан халқы қазір барлық саланы жаһандық дағдарыстан шығынсыз шығарып, даму жолын оңтайландыруды іздеуде.