«Тәуелсіздік –мәңгілік елдің тұрағы!»
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған колледжіміздің жылдық жоспарына сай, 6-11 желтоқсан «Мәңгілік ел –Мәртебелі тіл» тақырыбында, қоғамдық- гуманитарлық пәндер бірлестігі апталығының аясында, «Тәуелсіздік –мәңгілік елдің тұрағы!» тақырыбында колледішілік студенттер арасында ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті.
Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қан төгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 30 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата – бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.
Конференциямыздың мақсаты: 16желтоқсан-Тәуелсіздік мерекесі екенін, оның тарихын жас ұрпаққа түсіндіру тәуелсіз еліміздің рәміздері және ескерткіштерімен таныстыру.Тәуелсіздікті сақтау үшін білімді болу керек екендігін түсіндіру. Халқымыздың ұлттық салт-дәстүрін, тілін, дінін сақтауға, отанды сүюге тәрбиелеу.
Конференция жұмысының бағыттары:
1. «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік»
2. «Тіл ғұмыры-ұлт ғұмыры»
3. «Ағылшын тілі – Қазақстаннның болашағы»