Тарих пәнімен қазақ әдебиеті пәні біріккен, кіріктірілген сабақ өткізілді.

11-желтоқсан күні Атырау энергетика және құрылыс колледжінде кең бейінді құрылыс шебері мамандығы бойынша 2 курс 6 топта Тарих пәнімен (Көшербаева Базаргүл Ақылбайқызы) қазақ әдебиеті пәні (Разиева Майра Серікғалиқызы) біріккен, кіріктірілген сабақ өткізілді.

Тақырыбы: Зұлмат жылдарының құрбандары. Мағжан Жұмабаев

Сабақтың мақсаты:

  • Білімділік: студенттерге Зұлмат жылдары,саяси қуғын – сүргін жайлы мағлұмат беру, зұлмат жылдарының тарихи маңызы және халық қасіреті туралы, білім алуға көмектесу. Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығын меңгерту, жеке тұлғасын таныту, ақын шығармашылығына қызығушылықты ояту.
  • Дамытушылық: тақырыпты меңгерте отырып Зұлмат жылдары жайлы, Мағжанның өмірі, зұлмат жылдарындағы көрген азабы туралы білімдерін дамыту, ойлау қабілеттерін арттыру, нақты мәліметтерді қабылдау дағдыларын қалыптастыру, өз ойларын жеткізудегі сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.

Тәрбиелік: репрессияның маңызын түсіндіру арқылы, туған халқының талантты ақынына, әдебиетке, туған елге деген сүйіспеншілік сезімдерін оятып, студент бойына Отанға деген сүйіспеншілік сезіміне, патриоттыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу, қиындыққа төзе біліп, болашаққа деген сенімдерін жоғалтпауға тәрбиелеу арқылы өз елінің тарихына қызығушылығын арттыру.


Жарияланды: 11.12.201912:44

Автор: