«ТАЗА СЕССИЯ» 2023-2024 АКЦИЯСЫ
«ТАЗА СЕССИЯ» 2023-2024 АКЦИЯСЫ
2023-2024 оқу жылының жазғы емтихан сессиясын өткізу кезінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында Атырау энергетика және құрылыс колледжінде «Таза сессия» акциясын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі Штаб құрылды. Штаб құрамына колледж директорлары,директор орынбасарлары,студенттің өзін-өзі басқару құрылымы студенттері, Әдеп және сыбайлас жемқорлық істері жөніндегі уәкіл құрылды.
«Таза сессия» акциясының негізгі мақсаты – құқықтық сананы, сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілікті және колледждің білім алушылардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру.
Акция аясында колледждің білім беру ортасындағы бейресми қарым-қатынастар мен сыбайлас жемқорлықты жоюға бағытталған емтихан сессиясының объективтілігі мен ашықтығын қамтамасыз ету шаралары жүзеге асырылды.Колледжде сыбайлас жемқорлыққа қарсы үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді: ұсыныстар мен ескертулер үшін «Сенім жәшігі» бар, оған студент өз сұрақтары мен пікірлерін жібере алады, стендтерде тиісті үгіт-насихат плакаттары ілінген.
Атырау энергетика және құрылыс колледжі бойынша сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға белсене атсалысуға, сондай-ақ сапалы білім алу құқықтары аясында «Таза сессияны» қадағалап, әділдік іздеуге шақырады. Өз кезегінде, штаб мүшелері сыбайлас жемқорлық көріністері немесе орын алған бұзушылық фактілері туралы жедел хабар беруі тиіс.
Құрметті білім алушылар, оқытушылар және қызметкерлер! Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері туралы келесі мекенжайлар мен телефондар арқылы хабарлай аласыз:
3 маусымда колледжіміздің оқу шеберханасы, “Электргазымен дәнекерлеу” цехында 3-курс, 1 топ студенттері “Дәнекерлеу ісі” құзыреттілігі бойынша демонстрациялық емтихан тапсырды. Демонстрациялық емтихан-білім алушыға игерілген кәсіби құзыреттіліктерін іс жүзінде көрсетуге мүмкіндік беретін қорытынды аттестаттау. Демонстрациялық емтихан тәжірибе жүзінде өтеді. Тәжірибелік емтиханның тапсырмалары «WorldSkills» байқауының талаптары негізінде жасалынды.
Практикалық тапсырмалардың белгіленген уақытта орындалуын және орындау сапасын колледждердің әлеуметтік серіктес-кәсіпорындарының бас мамандарынан құралған арнайы комиссия өкілдері тексеріп бағалады.