“Терезеден құлауға байланысты жазатайым жағдайлардың” алдың алу мақсатында ТЖ департаменті бірлесе қауіп – қатерлердің алдын алу жұмыстары жүргізілді
Атырау энергетика және құрылыс колледжінің студенттері мен тәрбие бөлімі мен жастар ісі комитеті “Терезеден құлауға байланысты жазатайым жағдайлардың” алдың алу мақсатында ТЖ департаменті бірлесе қауіп – қатерлердің алдын алу жұмыстары жүргізілді. Атырау облысы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен ТЖК Атырау облысының төтенше жағдайлар департаментінің ұйымдастыруымен «Birgemiz: ÚMIT» жалпы ұлттық волонтерлік жобасы аясында 2020 жылдың 7 қараша күні Алмагүл,Авангард,Нұрсая мөлтек аудандары тұрғындарына «Терезеден құлауға байланысты жазатайым жағдайлардың» алдың алу мақсатында ТЖ департаменті бірлесе қауіп – қатерлердің алыдын алу жұмыстары жүргізілді.Бұл шарамыздың мақсаты:Терезеден құлау дерегі – балалар арасына соңғы жылдары өлім себептері көп орын алуда.Осы себептерді болдырмау үшін үлкендерге балаларды назардан тыс қалдырмау керектігі туралы түсіндіруқауіп қатердің алдын алу.Алмагүл,Авангард,Нұрсая мөлтек аудандары тұрғындарына «Birgemiz: ÚMIT»жалпы ұлттық волонтерлік жобасының еріктілері түсіндірме жұмыстарымен мен қатар тұрғын үйлерге хабарландыру мақсатында арнайы дайындалған ақпарат жазылған парақшаларды жабыстырды және тұрғындарға таратты.Көп жағдайда балалардыың қараусыз қалуына байланысты құлау жағдайлары орын алуда.Кішкентай балаларды жалғыз қалдырмаңыз!Барлық жиһаздардарды балалардың терезеге міне алмайтындай алшық қойыңыз!Шыбын- шіркейден қорғайтын тор перделеріне сенбеу керек.Ол балаларды қорғап қалуға арналмаған.Керісінше, шыбын-шіркейден қорғайтын тор перделерін қайғылы оқиға әкелуге септігін тигізеді, себебі бала терезеге сүйеніп, өзін қауіпсіздіктемін деп санайды.Көбіне балалар осы тор перделерімен бірге құлайды осыны ескеріңіздер!Терезеге арнайы бекіткіш орнатыңыз, ол балаға терезені тек бірнеше сантиметрге ашуға мүмкіндік береді.Егер балаға терезеден бірдене көрсетемін десеңіз – терезені дұрыстап бекітіңіз,балалының кенет қимылдауына дайын болыңыз, алақаныңызды құрғақ ұстаңыз,баланы киімінен ұстамаңыз.Егер сіздің бекіткіш және сақтағыш жабдықты дәл қазір орнатуға жағдайыңыз болмаса, терезенің тұтқасын уақытша алып тастауыңызды өтінеміз.