Тіл-ұлт рухының айнасы

21-қыркүйек 2018ж. тілдер мерекесіне орай, колледжішілік «Тіл-ұлт рухының айнасы»атты мерекелік кеш өткізілді. Мақсаты:  Тәуелсіз елімізде өмір сүріп отырған түрлі ұлт өкілдері арасындағы достық пен бірлікті нығайту барысында мемлекеттік тілге құрмет сезімдерін қалыптастыру, үш тілдік саясатын дамыту болды.

Тіл – достықтың кілті, ынтымақтастықтың бастауы, әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Тіл әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра.

Мерекелік кеш үш тілде жүргізілді. Колледждің оқу ісі жөніндегі орынбасары  А.Рахышева студенттерді айтулы мерекемен құттықтап, сөз сөйледі. Кеште тіл туралы көркем сөз оқылып, ана тілімізге арналған, рухымызды көтеретін, тілге деген құрметімізді арттыратын әндер айтылды. Сөз соңында тәрбие ісі

меңгерушісі Орынбаева Заура сөз сөйлеп, кешті ұйымдастырушыларға алғысын жеткізді.

 

Қазақ тілі пәнінің оқытушысы

Разиева М.С.


Жарияланды: 21.09.201812:46

Автор: