«ТУБЕРКУЛЕЗ АУРУЫНЫҢ БЕЛГІЛЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖОЛДАРЫ»

➡️🆕2021 жылдың 8 желтоқсан күні Атырау энергетика және құрылыс колледжіне 1-2 курс студенттеріне №1 қалалық емхананың туберкулез бөлімінің дәрігерлері Қарлығаш Маутқызы Мұханова және Светлана Иманғалиұызы Ахонова «ТУБЕРКУЛЕЗ АУРУЫНЫҢ БЕЛГІЛЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖОЛДАРЫ» туралы дәріс жұмысы жүргізілді.
Мақсаты:Жұқпалы аурулардан сақтану және олардың алдын алу
Жұқпалы аурулардан сақтануға және тазалықты ұстануға студенттерді тәрбиелеу.

Туберкулез- ауа арқылы таралатын жұқпалы ауру. Туберкулез ауруының қоздырғышы-туберкулез таяқшалары.
Қазіргі кезде туберкулез ауруының қауіптілігі туберкулез ауруы адамнан адамға ауа арқылы таралып жұғатын болғандықтан, туберкулезбен тыныс жолдары ( кеңірдек, кеңірдекше ) және өкпесі зақымданған науқастар жоғары қауіп тудырады.

Туберкулез қандай ауру?
Туберкулез жұқпалы ауру. Ең жиі кездесетін түрі-өкпе туберкулезі. Көп жағдайда сырқат белгісі науқас адамға білінбей басталады да, тек қана Манту реакциясын қойғанда, қақырықты “Кох таяқшасына” тексергенде немесе флюорографиялық байқаудан өткенде табылады.

Туберкулездің белгілері:
-әлсіздік, тез шаршау;
-асқа зауқы соқпау, жүдеу;
-3 аптадан аса жөтеліп жүру;
-түнде немесе ұйқыдан оянған кезде терлеу;
-дене қызуының 37 градустан жоғары көтерілуі;
-түстен кейінгі мезгілде бейжай болуы.
Осындай белгілер білінсе міндетті түрде терапевт-дәрігерге көрініп қақырықты үш күн қатарынан үш рет “Кох таяқшасына” тексеру керек. Қақырықты жинау әр уақытта медицина қызметкерінің бақылауы арқылы терең тыныс жолдарынан алынғаны дұрыс. Егер тексерілген қақырықта туберкулез микробоактериясы табылмаса, онда ол науқас рентген арқылы тексерілуі тиіс. Әр нәрсенің алдын алған жөн, себебі туберкулездің жеңіл түрі болса, ол тез емделіп, тез жазылады. Қандай жағдайда болмасын, туберкулезге шалдыққан адам тез арада емделуі қажет. Қазіргі жағдайда туберкулезбен ауырған жанды емдеп жазуға болады.

 


Жарияланды: 09.12.202116:24

Автор: