Жақсылық жаса
Атырау энергетика және құрылыс колледжінде «Өзін – өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» онкүндігінің жоспарына сай. 12 ақпанда күні «Өзін-өзі тану:Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» онкүндігінің қорытынды кеші өтті.
«Сара Алпысқызы Сіздің бүгінгі туған күніңізбен Атырау энергетика және құрылыс колледжінің ұжымы, студенттері құттықтайды. Әрдайым нұр жүзіңіздегі жылылық кетпей,бүкіл елдің Анасы болып,халықтың алғысы мен ризашылығына бөленіп аман-есен жүре беріңіз.Рухани- адамгершілік білім беруді басты идея етіп ұсынатын Сара Алпысқызы Назарбаева «Өзін-өзі тану» рухани өркендеудің түп тамыры және адамгершілік құндылықтарының негізі»-дегендей «Өзін-өзі тану» рухани адамгершілік білім беру жан-жақты дамыған тұлғаны тәрбиелеуді көздейді.Өзін-өзі тану баланы өзінің қадірін өзі білуге,өзін сыйлауға,өзін-өзі жетілдіруге тәрбиелейді».
«Жақсылық жаса» тақырыбында 5-топ кураторы А.С.Қабиева,өндірістік оқыту шебері Г.С.Аманова өткізген пікірлесу кешінде өзара және айналамен мейрімді қарым-қатынас жасау туралы ой қозғалды.Студенттер қайырымдылық,мейірімділік адамдарды қуанышқа бөлейтіндігі туралы айтып өздерінің қайырымдылық істермен айналысып қазіргі пандемия кезінде адамдарға көмек қолдарын созғандарын айтты.Бейне роликтен осы тақырыпқа сай көріністер көрсетілді. Жүрегінде жылуы бар адамның көмекке мұқтаж жандарға,жан-жануарларға,табиғатқа қамқорлық жасайды.Жақсы адам қол ұшын беруге, жәрдем етуге,жанашырлық танытуға,көмек көрсетуге,қолдау жасауға,мейірімділік танытуға дайын тұрады осындай болыңдар студенттер -деп пікірлесу кеші аяқталды.
«Жизнь бесценный дар» тақырыбында өткізілген тәрбиелік шарада 13-топ студентттері өздерінің «Өзін-өзі тану» пәнінің оқытушысы А.Қ.Габлуллинаның басшылығымен өмірдің мәнін ашып көрсетуге тырысты.Топ кураторы С.М.Жұмағалиев,өндірістік оқыту шебері А.Х.Меңдіғожина да студенттерге өмірдің сырға толы қызық әлем екендігін,жүрекке бірде қуаныш сыйлап шаттандырса, бірде еріксіз мұңға бөлейтінін,өмір теңдесі жоқ құдіретті күш иесінің бізге ұсынған сыйлығы,біз оны бағалай білуіміз керек екендігін атап өтті. «Өмір-күрес» барша қиындықтар уақытша екендігін ұқтырды. Студенттер өмір туралы орыс тілінде және қазақ тілінде өз пікір ойларын айтты.
9- топ студенттерімен топ кураторы Г.С.Аманова, өндірістік оқыту шебері Ж.Қ.Жиенғалиева, «Өзін-өзі тану» пән оқытушысы А.Қ.Габдуллина «Өмір қымбатсың сен маған» атты әсерлі тәрбиелік шара өткізілді.Тәрбиелік шараға топ студенттері белсенді ұйымшылдықпен қатысты.Ұлы Абай жас ұрпаққа «Атаның ұлы болма, адамның ұлы бол» деп өсиет қалдырғаны белгілі.Әрине бұл жерде өз атына лайық,ізгі мейірімді,өзгелерді қадірлейтін, өз мүддесін қоғам мүддесімен ұштастыра алатын,өзі үшін де,өзгелер үшін де еңбек ете білетін, өз құқығын қорғап,өзгелердің құқығын сыйлайтын,өмірден өткен соң артына жақсы сөзі мен ісін қалдыратын адам туралы ғой.Енді біреулері өмір адамға бір рет келмейді.Сондықтан мынау көк аспан мен жарық күннің астында сайран салып қалу керек деп, аузың барда асап қал,ішіп же,киін,сауық құр,ләззат ал дегендер де бар.Өмірде адамның арман мақсаттары болатындығы соны орындау үшін күресу керек екендігі жөнінде пікір айтқан студенттер болды,адам өмірінің мәнді мағыналы болуы ізгілікке байланысты,өмірді сүйе білу керек.
Осы мақсатта колледжімізде өткізілген онкүндікте студенттер белсене қатысты сол студенттерге алғыс хаттарын тапсыруға рұқсат етіңіздер:
«Алтын жүректі анамыз» тақырыбында мәнерлеп оқу кешіне қатысқан студенттеріміз
1-курс 8-топ Жұмабай Қайрат
1-курс 12- топ Қуат Ақарыс
1-курс 12-топ Еркінбай Әділхан
1-курс 37 -топ Мұғау Аяулым
1-курс 10-топ Абдуллаев Жеңіс
1-курс 10-топ Сериков Диас
1-курс 11-топ Чапурин Кирилл
1-курс 11-топ Жданкин Сергей
«Жақсы көретін жандарыма сыйлық» тақырыбындағы Шығармашылық жұмыста 1-курс 37-топ студенті
Салахиден Ануарбек қағаздан әдемі құралдар салғыш жасаған және Эссе жазғаны үшін
Тәрбиелік шараларда өз ойларын еркін жеткізгені үшін:
1-курс 11-топ Адилбеков Азамат,Хохлочев Антон
1-курс 37-топ Жұмабеков Ғапу Жұмабекұлы
1-курс 12-топ Сағынғали Ержан,Серік Рустем,Жеңіс Аятжан,Мұхтасаров Аманғали,Жақсылық Бекзат
2-курс 9-топ Асқаров Назбек, Жолдасов Мақсат
2-курс 5-топ Айтқалиев Аслан,Жүнистенов Данияр,Рахметов Адиль, Еділбаев Орынбасар
2-курс 13-топ Зарщиков Данил Олегович,Төреғали Ерсайын Набатұлы
Осы онкүндікте жақсы тәрбиелік шаралар өткізген топ кураторлары мен өндірістік оқыту шеберлеріне , «өзін-өзі тану» пән оқытушыларына үлкен рахмет.