Оқу – өндірістік жұмыс

Название Скачать
1 Оқу – өндіріс жұмыстары бойынша жоспары

Мақсаты:

Кәсіптік және техникалық білім беру негізінде инновациялық білім беру технологияларын, интерактивті оқытуды, оқу іс-әрекетінің жаңа әдістері мен тәсілдерін белсенділікпен қолдану. Нәтижесінде  жоғары деңгейде дамыған, коммуникативті ептіліктерді меңгерген, өзгермелі ортаға бейім, алғыр, бәсекеге қабілетті тұлға дайындау.

Нарық жағдайында өмір сүруге және еңбек етуге қабілетті жаңа формациядағы мамандарды дайындау жұмыстарын жалғастыру.

Білім сапасын мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттар, оқу жоспарлары мен бағдарламаларын жетілдіруді енгізу есебінен арттыру.

Мамандарды мемлекеттік тілде дайындауды жетілдіру.

Студенттердің әдістемелік шеберлігін, мамандарды даярлау сапасына жауапкершілігін арттыру.

Жаңа педагогикалық технологиялар игеру, ұжымда шынайы шығармашылыққа, жоғары кәсібилік, принципш ілдікке жағдай жасау.

Студенттердің өздігінен әрекет етуін дамыту, оқытуды ақпараттандыруды мамандардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру құралы ретінде жұмыс жасауды жалғастыру.

Маманның кәсіби өсуінің негізі ретінде өндірістік оқыту мен тәжірибені ұйымдастыру және өткізуді жетілдіру, әлеуметтік серіктестер және жұмыс берушілермен байланысын үзбеу, оқу үдерісіне жаңа технологияларды енгізу, озық кәсіпорындар тәжірибесін насихаттау.

Мамандарды даярлау сапасын арттыру мақсатында кабинеттер мен зертханалардың материалдық-техникалық базасын нығайту.