V облыстық форуымы  «Ақ Жол саған Жас Маман»

26 маусым 2018 жылы Атырау облыстық Білім беру басқармасының ұйымдастыруымен «Ақ Жол саған Жас Маман» атты V облыстық форуымы болып өтті . Форумға қаламыздағы іргелі оқу орындарының бірі –Атырау энергетика және құрылыс колледжінің студенттері бүгін үш жыл бойғы білімдерінің жемісін көруде. Аталмыш колледждің 13 студентті үздік диплом иесі атанды. Оларға көптен күткен диплом табысталды. Атырау энергетика және құрылыс колледжі бәсекеге қабілетті білікті мамандар даярлайтын беделді оқу орны. Жаңа заманға сай инновациялық әдістерді пайдалана отырып, үздік классикалық дәстүр негізінде сапалы білім беретін, мықты материалды техникалық базасы бар облысымыздағы колледждердің бірі. Білікті маман даярлауды ең басты міндеттерінің бірі деп танитын оқу орнының бүгінде беделі мен мәртебесі күннен – күнге артуда. Жыл сайын колледж қабырғасынан қоғамымыздың мәдени әлеуметтік экономикасының дамуына қажетті мамандықтар бойынша жүздеген түлектер бітіріп, еліміздің түкпір-түкпірінде еңбек етіп жатыр. Олар мемлекетіміздің жарқын болашағына, құқықтық мемлекетіміздің нығаюына өз үлестерін қосуда. Бітірушілер арасында қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық байқауларға қатысып жүлделі орын алғандар да бар. Олар колледж абыройын асқақтатып жүр. Шығармашылық жыр мүшайраларының, түрлі спорт жарыстарының, мәдени іс-шаралардың жүлдегерлері дәл осы колледждің студенттері. Осының барлығы ең алдымен ата-ананың, одан кейін білім нәрімен сусындатқан ұстаздардың арқасы.. Ендігі кезекте мамандықтары бойынша алған білімдерін өмірлік тәжірибеде қолданып, алдағы уақытта дәлелдейтін болады.

 

«Электрмен қамтамасыз ету» бөлімінің  меңгерушісі: Клешова Ф.Е


Жарияланды: 26.06.201810:04

Автор: