Тәрбие жұмысы

 

Атауы Жүктеу
1  Тәрбие жұмысының жылдық жоспары 2020-2021 оқу жылы
2 Тәрбиенің жұмысының жылдық жоспары 2021-2022 оқу жылы
3 Тәрбиенің жұмысының жылдық жоспары   2022-2023 оқу жылы
4 Жастар Саясаты  жұмыс жоспары 2020-2021 оқу жылы
5 Жастар Саясаты жұмыс жоспары 2021 -2022 оқу жылы
6 Жастар Саясаты жұмыс жоспары 2022-2023 оқу жылы

Колледждегі тәрбие жұмысының мазмұны

    Атырау энергетика және құрылыс колледжінің тәрбие жоспары ҚР Білім және Ғылым Министрлігінің  2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығы.

(16.09. 2021ж.№ 472) бұйрығымен бекітілген.

2019-2024 жж. арналған «Рухани жаңғыру бағдарламасы негізіндегі  «Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері» бойынша  жасақталған

Колледждегі тәрбие жүйесінің ерекешелігі тәрбиенің басым бағыттары арқылы білім құндылықтарын іске асыру болып табылады. Қазақстан Республикасындағы балалар мен жастарды тәрбиелеудің мақсаттары мен міндеттерін айқындауға бағытталған білім берудің тұжырымдамалық негіздері бүгінгі күні барлық білім беру жүйесіне «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген барлық мақсаттар мен міндеттерді қарастырады, барлық деңгейдегі білім алушыларды оқытудың сабақтастығын қамтамасыз етудің міндетті шарты болып табылады.

Білім берудің мақсаттарын, міндеттерін (мазмұнын) жаңғыртудың негізгі шарты Мемлекет басшысының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында: бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, ұлттық сәйкестікті сақтау, білімді табынушылық, эволюциялық, революциялық емес даму, сананың ашықтығы, ХХІ ғасырдағы адамға лайықты қасиеттер ретінде қоғамдық санасын жаңғыртудың стратегиялық көрсеткіштерін ескеру болып табылады.

Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерінің жалпы векторы үйлесімді, жан-жақты дамыған, жоғары рухани-адамгершілік қасиеттері бар, таңдау жағдайында өз бетінше шешім қабылдауға дайын, ынтымақтастыққа және мәдениетаралық өзара іс-әрекет етуге қабілетті, ел тағдыры үшін жауапкершілік сезіміне ие адамды қалыптастыруға бағытталған.

Тәрбиенің мақсаты: рухани байлықты, моральдық тазалықты, дене бітімін жетілдіруді, бәсекеге қабілеттілікті, прагматизмді, ұлттық сәйкестікті, білімнің табынуын, эволюциясы мен сана-сезімінің ашықтығын, әлеуметтік рөлдердің жүйесін толықтай орындауға қабілетті, XXI ғасырдың лайықты өмірін қалыптастыруға қабілетті жан-жақты және үйлесімді дамыған тұлғаны тәрбиелеу. Әрбір педагогикалық ұжым өзінің қызметін мақсатқа бағыттап, оның шарттары мен мүмкіндіктері бойынша нақтылауы тиіс.

Мақсатқа жету келесідей мәселелерді шешу барысында жүзеге асырылады:

  • жеке тұлғаның кәсіби қасиеттерін қалыптастыру;
  • өз елінің, колледжінің, айналасындағы адамдардың әл-ауқатына қамқорлық көрсететін азаматтық-патриоттық жағдайды, әлеуметтік жауапкершілікті қалыптастыру;
  • моральдық тәрбие, оның нәтижесі – жалпыадамзаттық мораль нормаларын, қарым-қатынас мәдениетін меңгеру;
  • жалпы адамзат мәдениетінің байлығы мен Отанының мәдениетін көрсететін мәдени құндылықтар жүйесі бойынша оқитын студенттерді ынталандыру;
  • жұмысқа деген оң көзқарасты қалыптастыру, шығармашылық жұмысқа жеттілікті дамыту;
  • заңға және қоршаған адамдардың құқықтарына деген құрметке негізделген ұжымдық өмір нормаларын сақтау;
  • салауатты өмір салтын қалыптастыру, физикалық өзін-өзі жетілдіру және дамыту қабілеті.

Тәрбиенің міндеттері:

  1. Тұлғаның саяси мәдениетін дамытуға, жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті, азамат және патриотты қалыптастыруға көмектесу, олардың бойында балалар мен жастар ортасындағы қатыгездік пен зорлық-зомбылық көріністеріне қарсы тұру дайындығын, құқықтық санасын, балалар мен жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру.
  2. Тұлғаның рухани-адамгершілік және этикалық принциптерін, оның қоғам өмірі дәстүрлері және нормаларымен үйлестірілген моральдық қасиеттері мен мақсаттарын қалыптастыру мүмкіндігін туғызу.
  3. Тұлғаның ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға бағдарлануына, ана тілі мен қазақ халқының, Қазақстан Республикасында тұратын этностар мен этникалық топтардың мәдениетін құрметтеуіне ықпал ету.
  4. Студент тұлғасын қалыптастыруда ата-аналардың ағарту жұмысына,олардың психологиялық-педагогикалық құзыреттіліктерін арттыруға, қамқоршылық кеңестерінің рөлін көтеруге ықпал ету.
  5. Білім беру ұйымдарында көпмәдениетті орта құруға ықпал ету, тұлғаның қоғамдағы жалпымәдени мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, оның өнердегі және болмыстағы эстетикалық нысандарды қабылдау, меңгеру және бағалау әзірлігін дамыту.
  6. Тұлғаның еңбек дағдыларын, экономикалық ойлауы мен кәсіби қалыптасуына және өзін-өзі іске асыруына саналы қарым қатынасын қалыптастыру, табиғат сақтауда белсенді азаматтық ұстанымын тәрбиелеуіне; экологиялық сауаттылығы мен мәдениетін жоғары деңгейде дамытуына жағдай жасау.
  7. Әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндігін, көшбасшылық қасиетін және дарындылығын дамытуды қамтамасыз ететін уәждемелік кеңістігін, оның ақпараттық мәдениетін  қалыптастыруына ықпал ету.
  8. Салауатты өмір салты дағдыларын, дене дамуы мен психологиялық денсаулығын сақтау, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтау біліктілігін ойдағыдай қалыптастыру үшін кеңістік орнату.

Тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың нормативті-құқықтық базасына келесідей құжаттарға сәйкес жүргізіледі

1) Қазақстан Республикасының Конституциясы;

2) 2011 жылғы 26 желтоқсандағы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі;

3) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңы;

4) «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» 2002 жылғы 8 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы;

5) «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 желтоқсандағы № 214-1V Заңы;

6) «Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 2 шілдедегі №169-УІ Заңы;

7) «Білімді ұлт» cапалы білім беру» ұлттық жобасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 726 қаулысы;

8) «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығы;

9) Ұлттық мерекелер, мемлекеттік мерекелер, кәсіби және өзге де мерекелер «Қазақстан Республикасының мерекелері туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы N 267  Заңымен реттеледі;

10) «Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың), орындаушылар конкурстарының, кәсіби шеберлік конкурстарының және спорттық жарыстардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы № 514 бұйрығы.

11) «Жастар ісі жөніндегі комитеттің, «Жас Сарбаз» әскери-патриоттық клубының, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы қызығушылықтар бойынша клубтардың жұмысын ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 18 қаңтардағы № 24 бұйрығы.

Тәрбие жұмысының басым бағыттары

  1. 1.  Қазақстандық патриотизм мен азаматтықты тәрбиелеу, құқықтық тәрбие
  2. Рухани-адамгершілік тәрбие.
  3. Ұлттық тәрбие.
  4. Отбасы тәрбиесі.
  5. Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие.
  6. Интеллектуалды тәрбие, ақпараттық мәдениетті тәрбиелеу
  7. Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие.
  8. Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты.