«World Skills Kazakhstan-2019» өңірлік чемпионаты

Атырау облысы Білім беру басқармасының ұйымдастыруымен 2019 жылдың 2-4 мамыр күндері техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студент жастары арасында «World Skills Kazakhstan-2019» өңірлік чемпионаты өтті. 

     Шараның мақсаты: жұмысшы кәсіптерін дәріптеу, бүкіл әлем бойынша олардың мәртебесін арттыру.Кәсіптік даярлық пен біліктілік стандарттарын жетілдіру, жастар арасында өз мамандығының үздігін таныту. Биылғы жылғы өңірлік чемпионатқа облысымыздағы арнаулы оқу орындарынан 20 колледж қатынасты. Чемпионат бірнеше оқу орындарында және кәсіпорын базаларында ұйымдастырылды. Атап айтар болсақ, Атырау энергетика және құрылыс колледжі, С.Мұқашев атындағы Атырау политехникалық жоғары колледжі, «АтырауНефтемаш» ЖШС , Атырау сервис колледжі, Атырау көлік және коммуникация колледждері.

      «Worldskills Atyrau-2019» чемпионатында 20 құзыреттілік бойынша облысымыздың техникалық және кәсіптік білім беретін 20 оқу орнынан 110 қатысушы өз біліктілігі бойынша бақ сынады. Олардың жұмыстарын кәсіпорындардан келген арнайы эксперт мамандар саралап бағалады. Үш күнге созылған чемпионаттың қорытындысында 20 құзыреттілік бойынша үздік деп танылған жеңімпаздар Алтын, күміс, қола медальдарымен және І, ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды.

 


Жарияланды: 17.05.201908:56

Автор: