Заңды білмеу жауапкершіліктен құтқармайды» тақырыбында студенттерге түсіндірме жұмыстары жүргізілді

2024 жылдың 30 қаңтар күні Атырау энергетика және құрылыс колледжінде Тәрбие бөлімінің жылдық жоспарына сәйкес «Заңды білмеу жауапкершіліктен құтқармайды» тақырыбында студенттерге түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Жиынның мақсаты: білім алушыларға қылмыстың – қоғамға қауіпті әрекет, оның ішінде кәмелеттік жасқа толмағандардың қылмысы, қылмыстық жауапкершілік, оған қолданылатын жаза түрлері, кінәні жеңілдететін, жауапкершілікті ауырлататын жағдайлар туралы толық түсіндіру, құқықтық сауаттылығын арттыру, салауаттылыққа тәрбиелеп, өз әрекеттеріне баға бере білуге баулу. Ата заңымызға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастырып, шыншыл да әділетті және парасатты тұлғаны қалыптастыру.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе Терроризім және экстремизім туралы жалған ақпарат тарату және заң алдындағы оның жауапкершіліктері сонымен қатар кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу. (жалпы есепте тұрған қылмыстық іс және әкімшілік жазаға тартылған студенттермен жұмыстар жүргізу, сабақтан тыс уақыттағы ата – аналардың міндеті және т.б.)


Жарияланды: 12.02.202410:53

Автор: