Заман талабына сай маман даярлау сапасын арттырудың әдістері мен жолдары
21 – ғасыр бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүние, адам денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір.
Бүгінгі білім мазмұны оқытушы мен оқушының арасындағы байланысты субъективті деңгейде көтерудегі демократиялық бастамалардың барлығы осы оқытушылар арқылы жүзеге асады.
Студенттердің қазіргі заманғы қоғамдық өмірге сай, тиімді кәсіби жеке басының және элеуметтік кәсіби тұрғыда пісіп жетілуіне көп әсерін тигізді.
29 қазаннан – 3 қараша аралығында «Пісіру ісі» мамандығы бойынша «Заман талабына сай маман даярлау сапасын арттырудың әдістері мен жолдары» атты апталығы өтті.
Апталыққа топ жетекшілері мен өндірістік оқыту шеберлері қатысып ішкі әлемнің өзіндік дамуына үлкен ықпал етіп, қызығушылығын арттырды.
29 қазан күні топ кураторлары мен өндірістік оқыту шеберлері, мамандық бойынша студенттердің қатысуымен, апталықтың ашылуы жарияланды.
30 қазан сейсенбі күні жоспар бойынша өндірістік оқыту шебері Кушкалиев Наурызбек және арнайы пән оқытушысы Мусалимов Нұрлан аудио және бейне материалдар пайдаланып ашық сабақтарын өткізді.
31 қазан күні «Пісіру ісі» мамандығы бойынша өндірістік оқыту шебері Р.Рысмағанбетов ашық сабағында білім алушылардың іс қимылдарын келістіріп сабақтастықты қамтамасыз етті.
01 қараша Пісіру ісі мамандығы бойынша өндірістік оқыту шебері Утекешов Құдайберген ашық сабағында тақырыбына сай құрал жабдықтармен, студенттердің іскерлік және коммуникативтік әлеуметтік кеңістігін құруды толықтай көрсеттіп, сабағы өте жоғары деңгейде өтті.
02 қараша Шығармашылық көрме- қатысушы топтар мен өндірістік оқыту шеберлері өздерінің өндірістік сабақта іскерліктерін және коммуникативтік әлеуметтік кеңістігін құрып, ұйымдастырды және «Үздік дәнекерлеуші» тақырыбы бойынша топ жетекшілірінің ұйымдастыруымен студенттер арасында сайыс өткізді. Топ жетекшілері студенттердің әлеуметтік құзыреттілігін және жауапкершілігін көтеруді ұйымдастырып, бейімділігін, ойын ашып сөйлеуді, тапқырылығын, шапшаң шешуді қалыптастырды.
Осы өткен апталығымызда өндірістік оқыту шеберлері мен оқытушылардың және студенттердің жаңа білім игерудегі өзіне қажетті әдістердің, жаңа ақпараттық технологияның, тамаша бір әдістеме немесе ашық сабақтарда интерактивті тақтаны қолдануымыз тікелей тамашалауға коп әсерін тигізді. Өткізілген ашық сабақтар білім алушылардың кәсіби біліктілігі мен ойлау мәдениетін қалыптастырады, сондай-ақ білім алушының ішкі әлемінің өзіндік дамуына үлкен ықпал етіп, қызығушылықтарын арттырады.
«Құрылысшы» бөлімінің меңгерушісі
Г. К.Турганбаева