Өзара ынтымақтастық туралы
«Атырау энергетика және құрылыс колледжі» КМҚК директоры Темірташев Нұрғали Құмарұлы «Альянс-БиКоммерц» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы Гончаров Геннадий Петрович пен өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.
Меморандумның мәні мамандарды сапалы даярлау мақсатында қолдау көрсету:
Ø оқытудың инновациялық технологияларын, оның ішінде дуалды оқытуды енгізуді ұйымдастыруда;
Ø студенттердің өндірістік практикасын өткізуді ұйымдастыруда, арнайы пәндер оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлерін қайта даярлауда, біліктілігін арттыруда, тағылымдамадан өткізуде;
Ø мамандықтар бойынша мамандар қажеттілігін анықтауда, сондай-ақ мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыруда;
Ø студенттер мен педагогтар арасында конференциялар, дөңгелек үстелдер, семинарлар, кәсіби шеберлік конкурстарын, Worldskills чемпионатын өткізуге (Worldskills-халықаралық коммерциялық емес қозғалыс, оның мақсаты жұмысшы кәсіптерінің беделін арттыру және шеберлік дағдыларын дамыту болып табылады. Чемпионатта практикалық жұмыстың орындалуын бағалау арқылы білімі мен ынтасын тексеру жүзеге асырылады);
Ø оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлері ретінде жұмыс істеу үшін өндірістен жоғары білікті мамандарын тартуға.