«Жаңғыру жолы» Атырау облысы жастар қозғалысы жұмысын бастады

2019 жылдың 12 қыркүйек күні Достық үйінде Атырау облысы ҚХА-ның және «Қоғамдық келісім» КММ –нің ұйымдастыруымен «Жаңғыру жолы» Атырау облысы жастар қозғалысының алғашқы отырысы өткізілді.

Шараға Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Г.Шәкірова, «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Жаннат Досқалиева және Асемгул Уразаева, «Жаңғыру жолы» Атырау облысы жастар қозғалысының штаб мүшелері, БАҚ өкілдері қатысты.

 

Отырыс барысында Г.Шәкірова қатысушыларға 2019-2020 жылдарға арналған «Жаңғыру жолы» қозғалысы жөнінде және алдағы уақытта жастармен жұмысты жүйелі деңгейде қалыптастыру керектігін айтып өтті.

 

Шараны қорытындылай келе Атырау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Жаннат Досқалиева барлық қатысушыларға рахмет айтып, «Жаңғыру жолы» Атырау облысы жастар қозғалысының көшбасшысы мен штаб мүшелеріне алға қойған міндеттерді орындауда беріле жұмыс жасауға, ой сананы, рухани жаңғыру деңгейді жоғарылатуға шақырды. «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының облыстық штабы ретінде Жастар ресурстық орталығы жанынан арнайы кабинет ашылды.


Жарияланды: 06.12.201907:35

Автор: