«Жаратылыстану ғылымдардың патшасы»
Жаратылыстану пәндері әдістемелік бірлестігі апталығы
колледжімізде 25.11.19-29.11.19 аралығында «Жаратылыстану ғылымдардың патшасы» тақырыбында өткізілген жаратылыстану пәндерінің әдістемелік бірлестігінің апталығы. Апталықтың жоспары әдістемелік бірлестігінің отырысында қаралып талданды және бекітілді.
Апталықтың мақсаты: Жаратылыстану пәндерінің әдістемелік бірлестігінің оқытушыларының сабақтарында және сабақтан тыс іс-шараларда оқытудың заманауи тәсілдерін қолдана отырып, студенттердің білім алуға қызығушылығын арттыру, ой-өрісі мен таным белсенділіктерін жан-жақты жетілдіру.
2019 жылдың 29 қараша күні Химия пәні оқытушысы Темірғалиев Рүстемнің І курс 16 топ МСШП мамандығының студенттеріне Кальций және Магний және олардың қослыстары тақырыбында Ашық сабағы өткізілді.
Сабақтың мақсаты: Кальций мен магнийдің жай және күрделі қосылыстармен реакцияға түсу ерекшеліктерін тәжірибе арқылы көрсету, жаңа тақырыпты игерту.
– Өзіндік жұмыс істеуге баулу, студенттердің ойлау және шығармашылық қабілеттерін дамыту, алған теориялық білімдерін іс жүзінде қолдана білуге және пәндермен байланыстыра білуге үйрету; жалпы металдарға сипаттама бере отырып, жаңа технология әдістері арқылы оқушылардың сабаққа белсенділігін арттыру.
-Топтық жұмыс жүргізу барысында өзара ынтымақтастық атмосферасын құру алған білімдерін өмірде пайдалана білуге үйрету. Студенттерді периодтық кестедегі металдардың морнын, атом құрылысының ерекшеліктерін білуге және оқушылардың сабаққа деген белсенділігін арттыру мақсатында қосымша материалдарды пайдалануға дағдыландыру.