Жарық көзі-энергия сапасы
2021 жылдың 20 желтоқсанынан бастап колледждің жылдық жоспарына сәйкес “Жарық көзі-энергия сапасы” тақырыбында кәсіби пәндер апталығы басталды. Мақсаты: “Жас маман” жобасы аясында WorldSkills стандарттарына сәйкес сұранысқа ие мамандықтарды жаңғырту. Аптаның міндеттері: таңдалған мамандыққа деген қызығушылықты дамыту, пәндер бойынша алған білімдерін саралау, өз бетінше және шығармашылық ойлау қабілеттерін дамытуға, алған білімдерін іс жүзінде пайдалануға көмек көрсету.
Кәсіби пәндер апталығының ашылуы 2021 жылғы 20 желтоқсанда ZOOM бағдарламасы арқылы ұйымдастырылды.
Салтанатты шараның алғы сөзінде директордың өндірістік жұмыстары жөніндегі орынбасары Сапаргалиева Кунжамал Ибатқызы студенттерге еңбек нарығындағы мамандықтырдың қажеттілігінде тоқталып, теориялық және тәжірибелік дағдылары мен қабілеттері бар сауатты мамандарды оқыту қажеттілігі туралы айтты. Бөлім меңгерушісі Ф.Е. Клешова барлығын кәсіби мерекесімен құттықтап, апта аясында өткізілетін іс-шаралар жоспарымен таныстырды. Апта жоспарында: ашық сабақтар, зияткерлік ойындар, мастер-кластар, семинарлар өткізіледі.