ЖАС МАМАН- ЖОБАСЫ АЯСЫНДА, WORLDSKILLS СТАНДАРТТАРЫНА САЙ, СҰРАНЫСҚА ИЕ МАМАНДЫҚТАРДЫ ЖАҢҒЫРТУ

 2022 жылдың 19 желтоқсанынан бастап колледждің жылдық жоспарына сәйкес «ЖАС МАМАН- ЖОБАСЫ АЯСЫНДА, WORLDSKILLS СТАНДАРТТАРЫНА САЙ, СҰРАНЫСҚА ИЕ МАМАНДЫҚТАРДЫ ЖАҢҒЫРТУ» тақырыбында кәсіби пәндер апталығы өтті. Апталықта 4 ашық сабақтар, 2 интнллектуалдық ойындар, 1 семинар-практикум, шеберлік-сыныптар және көрме  өткізілді

Мақсаты: “Жас маман” жобасы аясында WorldSkills стандарттарына сәйкес сұранысқа ие мамандықтарды жаңғырту. Аптаның міндеттері: таңдалған мамандыққа деген қызығушылықты дамыту, пәндер бойынша алған білімдерін саралау, өз бетінше және шығармашылық ойлау қабілеттерін дамытуға, алған білімдерін іс жүзінде пайдалануға көмек көрсету. Апталықта 4 ашық сабақ, 2 интеллектулдық ойын, шеберлік-сыныптар және 23 желтоқсан күні Атырау энергетика және құрылыс колледжі және Атырау облысы білім беру басқармасы әдістемелік орталығымен бірдесіп «ЖАС МАМАН- ЖОБАСЫ АЯСЫНДА, WORLDSKILLS СТАНДАРТТАРЫНА САЙ, СҰРАНЫСҚА ИЕ МАМАНДЫҚТАРДЫ ЖАҢҒЫРТУ» тақырыбында техникалық мамандықтарды дамытудың ашық облыстық семинар – практикумы өтті. Семинар-практикумның мақсаты – техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру (бұдан әрі – ТжКОБ) оқу процесіне WorldSkills халықаралық қозғалысының стандарттарын бейімдеу және енгізу бойынша үздік педагогикалық тәжірибені жинақтау, жұмысшы мамандығының беделін арттыру, жастардың заманауи еңбек нарығының талаптарына сай техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі біліммен қамтылуын арттыру.

Іс-шара бірнеше бағытта өткізілді:

  1. Пленарлық отырыс.
  2. Оқытушыларға арналған шеберлік сыныптар.
  3. «Жас маман» жобасын іске асыру шеңберінде сатып алынған жабдықтарды көрсету.

Семинар – практикум қонақтары:

  1. Атырау облысы білім беру басқармасы әдістемелік орталығы өкілдері
  2. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері
  3. Әлеуметтік серіктестер

Семинар-практикум жоғары деңгейде өтті.


Жарияланды: 17.01.202308:38

Автор: