Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
- Ынтымақтастық барысында Атырау энергетика және құрылыс колледжі және Ақтөбе политехникалық жоғары колледжінің мамандары Меморандумға қол қойды.
Меморандумның негізі мақсаты: ҚР білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасының негізгі бағыттарын ескере отырып, Техникалық және кәсіптік білім беру, инновациялық және технологиялық қызмет саласындағы тиімді ынтымақтастық негізінде білім беру саласында кадрларының үздіксіз кәсіби дамуын қамтамасыз ету.
Тараптар студенттердің кәсіби тәжірибесін, мамандыққа бағытталған бағытта өткізу әдістемелері, дәлелді және дуалды және модулді оқыту туралы өзара ықпалдастық тәжірибе алмасу туралы келісімдерге келді. «Екі оқу орнының өзара байланысы тек оқу үрдісімен шектеліп қоймай, бірлескен қашықтықтан семинарлар мен конференциялар ұйымдастыру, екі жақты тиімді жобалар мен бағдарламаларға қатысуды да жоспарлап отырмыз. Және де біздің ғылыми мүмкіндіктерімізді барынша пайдалана отырып, ғылыми зерттеулердің техникалық қамтамасыз етілуін де өз мойнымызға алуды жөн көрдік», – деп мәлімдеді – Нұрғали Құмарұлы.
Ақтөбе политехникалық жоғары колледжінің мамандары “Жас маман” жобасы аясында сатып алынған жабдықтармен және зертханалармен танысты.