Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жолдары және қылмыс пен жаза
Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жолдары және қылмыс пен жаза
2020 жылдың 16 ақпан күні Атырау энергетика және құрылыс колледжі жылдық жоспарға сәйкес Тақырыбы: «Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жолдары және қылмыс пен жаза» атты колледж студенттері арасында ZOOM платформасында онлайн вебинар кездесу өтті.
Онлайн вебинардың мақсаты: Студенттерге құқық бұзушылығын алдын алу және .Қылмыс пен жаза тұралы түсінік қалыптастыру. Студенттерімізге құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен, түрлерімен таныстыру, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттерімен ұғындыру. Қоғамның заңдары мен нормаларын орындауға, құқықтары біліп оны құрметтеуге тәрбиелеу болып табылады.
Бүгінгі вебинар қонақтары:
1.Атырау облысы Полиция Департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасы Ювеналды полиция тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы полиция подполковнигі: Кушкалиева Орынгүл Жаңғалиқызы
2.Атырау қаласы Полиция Департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасы юбеналды полиция бөлімі Учаскелік полиция инспекторы полиция аға лейтенаты: Суюндиков Наурызбай Туркгельдиевич.
- Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:Темірғалиев Рүстем
Кездесуде жастар арасында әлімжеттік пен құқық бұзушылықтын алдын алу, «Кәмілетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылық профилактикасы мен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу», білім алушылар арасында жаман әдетке үйір болмау, ішкі тәртіпке бой ұсыну, сабақтан кешікпеу, сабақтан қалмау, темекі, ішімдік сияқты заттардан аулақ болу, бір-біріне үстемдік жасамау сияқты жаман әдеттердің алдын алу тақырыбында әңгіме жүргізілді.
Жасөспірімдер арасында қылмыстық істердің көбею себептері:
- Отбасындағы ақау тәрбие;
- Отбасындағы материалдық әл-ауқаты;
- Жұмыссыздық;
- Баланың бос уақытының шамадан тыс көп болуы;
- Ата-ана тарапынан бақылаусыз қалуы;
- Мінез-құлқының ауытқушылығы;
- Рухани құлазуы