Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың және отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу  

 

Атырау энергетика және құрылыс колледжінің студенттері Атырау қаласы Полиция басқармасының полицейлерімен кездесті

2022 жылдың 20 сәуір күні Атырау қаласы Полиция басқармасының жергілікті полиция қызмет бөлімінің қызметкерлері Атырау энергетика және құрылыс колледжінің білім алушыларына жастар арасындағы бопсалау және отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілерінің және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында, “Интернет ресурстарын қолдану мәдениетін қалыптастыру”, “Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың және отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу» тақырыбында кездесу жұмысын өткізді.

Колледжімізге келген қонақтар:

Атырау қаласы полиция басқармасының бастығының міндетін атқарушы полиция подполковнигі Бигамбаев Ерлан Валерийұлы

Атырау қаласы Полиция басқармасы Жергілікті полиция қызметі бөлімінің Ювеналды полиция бөлімшесінің бастығы полиция майоры Қарамұратов Азамат Мейрамбайұлы

Атырау қаласы полиция басқармасының жергілікті полиция қызмет бөлімінің бастығының орынбасары Қазбеков Айымбек Есиркепұлы қатысты.

Кездесуде студенттерге әлеуметтік желілердегі түрлі қауіпті ойындардың кең етек алуы, олардың салдарынан келеңсіз жағдайлардың орын алуы, сондай-ақ, отбасындағы қазіргі уақытта жалпы қоғамдық орындарда жиі орын алатын құқық бұзушылық түрлеріне сипаттама беріліп, нақты деректер келтіріліп, олар үшін жауапкершілікке тарту және алдын-алу жолдары туралы ақпараттар берілді.

Сонымен қатар, кейбір отбасында байқалатын тұрмыстық зорлық-зомбылықтың түрлері, орын алу деңгейлері баяндалып, мәліметтер, деректер келтірілді.

Колледж студенттері құзіретті органдардың мамандарына көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, ашық пікір алмасу алаңы өтті.


Жарияланды: 21.04.202209:35

Автор: