Жастар – келешегіміздің негізі ретінде өз білімімен, жасампаз еңбегімен және күш-жігерімен өз болашағын құрудың жаңа мүмкіндерін алуда
2018 жылы 13 қыркүйекте Атырау облыстық Жастар саясаты мәселелері басқармасы және Жастар Ресурсы орталығының мамандары, «Жастар таңдауы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сейткалиев Даурен Нухұлы Атырау энергетика және құрылыс колледжінің студент жастарымен кездесу өткізді.
Мақсаты: жастардың құндылық-патриоттық бағдарларын қалыптастыру, жастарға техникалық және кәсіптік білім алуға ынталандырудың нақты шараларын жүзеге асыру. Осы үшін «Еңбекке жолдама» жобасын жіберу жоспарлануда. Бұдан басқа, жұмысшы жастарды өзін-өзі дамыту, еңбек шиеленістерінің алдын-алу үшін жастар ұйымын құру және экономиканың түрлі кәсіпкерлік секторларында жастар саясатынын «Еңбекқор» корпоративтік бағдарламасын қабылдау жоспарланғаны жөнінде айтып өтті.
Жиын барысында Жастар саясаты мәселелері мамандары сөз алып, Атырау облысындағы өткізіліп жатқан бірқатар негізгі шараларға тоқталып, оны жастарға кеңінен түсіндіріп өтті.
Жастар саясатының негізгі бағыттары бойынша жасалынып жатқан жұмыстар туралы (жастар арасындағы қылмыс, жастардың денсаулығы, жастарды жұмыспен қамту жолдары) туралы әңгімелер қозғалды. Жастар саясатының мамандары қатысушы студентердің сұрақтарына жауап берді.