Жастар ортасында Құқық бұзушылықтың алдын алу

Жасөспірімдердің қылмыс жасауына жол бермеу – басты мәселелердің бірі болып табылады. Ал оның алдын алу тек құқық қорғау қызметкерлеріне ғана емес, барлық білім беру ұйымдарының мамандарына да жүктелген үлкен міндет.
Осы ретте, жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында 16 ақпан күні Атырау энергетика және құрылыс колледжінің студенттерімен кездесу өтті.
Кездесуде Атырау қаласы прокурорының орынбасары Мирас Жалмурзин,Ювеналды полиция бөлімшесінің бастығы Эльвира Бекболатқызы, Жергілікті полиция қызмет бөлімінің учаскелік полиция инспекторы Жеткіншек Жеңісұлы қатысып, «Тәртіпсіз ел – ел болмайды, тәртіпке бағынған құл болмайды» тақырыбы аясында түсінік жұмыстарын жүргізіп, сонымен қатар, жастардың құқықтық қорғалуын және құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру, оқу орнын құрметтеу, бұқаралық ақпараттық құралдарын дұрыс жолда пайдалану, жалпы құқықтық мәдениетін қалыптастыру мақсатында және жастардың уақытын тиімді пайдалану керектігін талқыға салды.


Жарияланды: 02.03.202414:52

Автор: