Жатақханағада бос орындар
Құрметті білім алушылар! Атырау энергетика және құрылыс колледжі жатақханасында 2 орын босауына байланысты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 66 бұйрығына сәйкес өтініштер қабылданады.
Жатақханаға орын беру комиссиясына төмендегідей санатқа жататын білім алушылар өтініш бере алады.
1) даму мүмкіндіктері шектеулі адамдар, мүгедектер және бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар, жетім балалар және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар, ата-анасының біреуі немесе екеуі де мүгедек болып табылатын адамдар;
2) кәмелеттік жасқа жеткенге дейін ата-аналарынан қамқорлығынсыз қалған білім алушылар;
3) Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылар;
4) “Алтын белгі” игерелері болып табылатын бірінші курсқа қабылданған білім алушылар, Президенттік, халықаралық және республикалық олимпиада және/немесе конкурс жеңімпазының немесе жүлдегерінің сертификатын иеленген білім алушылар, сондай-ақ оқу орнын үздік бітірген, білім туралы растайтын құжаты бар (аттестат, диплом) білім алушылар;
5) оқу, ғылыми және қоғамдық жұмыста жоғары нәтижелері бар жоғарғы курс студенттері қатарындағы білім алушылар;
6) өзге де білім алушылар;
Қажетті құжаттар:
1) жеңілдік санаттарын растайтын құжаттар;
2) Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді, отбасы болған жағдайда отбасы құрамы туралы анықтаманы, ата-анасының қайтыс болуы туралы куәлікті (жетім балалар үшін), отбасында 4 және одан көп баланың болуы туралы анықтаманы (көп балалы отбасылардан шыққан балалар үшін), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша мүгедектігі туралы анықтаманы қосу қажет
Өтінішті колледждің жатақханасы мен тәрбие бөліміне арқылы электронды түрде қабылданады. Білім алушылар өтінішті мемлекеттік қызмет көрсету порталындағы жеке кабинеттері арқылы бере алады. Өтініштерді қабылдау мерзімі 10-25 қаңтар 2024 жыл аралығында қабылданады.