«Жемқорлықпен күрес – әр адамның парызы» атты студенттер арасындағы сурет байқауы ұйымдастырылды!
2021 жылдың 12-16 қазан күндері Атырау энергетика және құрылыс колледжінің Тәрбие бөлімінің жылдық жоспарына сәйкес «Жемқорлықпен күрес – әр адамның парызы» атты студенттер арасындағы сурет байқауы ұйымдастырылды !
Байқаудың мақсаты
Жастарға ойындағы қоғамдағы ұсақ («тұрмыстық») сыбайлас жемқорлық мәселелерін көрсетуге мүмкіндік беру.
Жастардың елдің қоғамдық өміріне қатысуын арттыру.
Жастарды әлеуметтік мәселелерді шешуге тарту, соның ішінде шығармашылық тұрғыдан дамыту.
Студенттер осы тақырыпты ашуда үлкен белсенділік танытты. Студенттер сыбайлас жемқорлықты жою бойынша өз ойларын, өз көзқарастарын, сондай-ақ жастар мен жастар ұйымдарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы рөлін білдірді. Қатысушылардың әрқайсысының жұмысы ерекше назар аударуға лайық. Жастардың іс-шараларға қатысуы жас тұлғаның белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастырады, шығармашылық қабілеттерін дамытуға көмектеседі.