Құзіретті  маман  тұлғасын  қалыптастырудағы  тәрбиенің  өзектілігі

«Еліміздің ертеңі  бүгінгі жас ұрпақтың қолында, болашақты білімді ұрпақ айқындайды, ал жас ұрпақтын тағдыры ұстаз қолында».                                                                                                                                         Н.Ә.Назарбаев

 

Қазіргі  кезеңдегі  кәсіптік білім берудің өзекті мәселесінің  бірі – бәсекеге қабілетті, еңбек нарығында сұранысқа ие бола алатын құзіретті кәсіби мамандарды дайындау.

Құзіреттілік дегеніміз – жеке тұлғаның  теориялық білімі мен практикалық тәжірибесі, яғни  белгілі бір міндеттерді орындауға даярлығы мен қабілеті.Кәсіби құзіреттілік ұғымын түсіндіруде екі бағыт бар: адамның стандартқа сәйкес  әрекет ету қабілеті; жеке тұлғаның жұмыста нәтижеге жетуіне мүмкіндік беретін сапалары.

Құзіреттіліктің маңыздылығы жөнінде айтатын болсақ, құзіреттіліктер мен дағдыларды дамыту білім берудің студентке бағдарланған парадигмасына сәйкес келеді. Парадигма студент, яғни білім алушы басты назарда болады да, ал оқытушының рөлі өзгереді.

Педагогикалық білім беру жүйесінің сапасын арттыруда кәсіби құзіретті маман даярлау іс- әрекеттік тәсілмен қоғам дамуында өзіндік үйлесім табу керек. Ол үшін «студент – студент», «студент – оқытушы», «оқытушы – студент», байланыстары үзілмеу керек.

Білім мен тәрбие егіз, екеуін ұштастыра жүргізгенде ғана нәтижелі болмақ . Сол себепті де жас ұрпаққа  білім мен тәрбиенің  сапалы  берілуіне  айрықша  мән  бергеніміз жөн.

Тәрбие жұмысы жүйелі  құрылған  оқу орындарында  студенттердің білім сапасы да  өседі , жалпы  тәртіптілік  деңгейі  көтерілетіні анық . Әл- Фарабидің  тілімен айтсақ , тәрбие арқылы , тәрбиемен берілген білім- адамзаттың қас жауына емес, дамыту күшіне айналады.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты  қайта даярлаудың негізгі бағдары. Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек. Барлық жеткеншек ұрпақтын функцияналдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет»,-деп атап көрсетті.

Сондықтан да ұстаздарды серпілістер мен жаңалықтардың  қарсаңындағы басты тұлға дей аламы.

Кәсіптік құзіреттілікті жетілдіруде мамандық бойынша жүргізілетін тәрбие жұмысы да ерекше роль атқарады.Сабақтан тыс өткізілетін іс- шараларда  студенттер  өз мүмкіндіктерін барынша пайдаланып,болашақ маман ролін жоғары денгейде  меңгеруге  тырысады. Студенттер топта көптеген іс-шараларға қатысып айтарлықтай  жетістіктерге жетеді.

Бүгінгі таңда  қоғамызда  әр түрлі келеңсіз жағдайлар,қылмыстық топтардың көбеюі,ата – ананы қарттар үйіне тапсыру, жетім балалардың көбеюі көптеп орын алуда.Сайып келгенде бұндай келенсіздіктер жастардың бойындағы рухани тәрбиенің, салт- дәстүрдің ұмытылуының әсерінен қолда бар бақты ,бақытты бағаламауының әсерінен болып жатқан дүниелер. Сондықтан бақытты ұғымының мәнін ашу,әр күнді бағалай білуге үйрету, өмірдің сәтсіздіктерін жеңе отырып, алға ұмтыла білу қасиетін дамыту, мейірімді тату жан болуға тәрбиелеу мақсатында «Өз бақытым – өз қолымда» атты ашық тәрбие сағатын өткіздік. Нәтижесінде ашық тәрбие сағатымда ананы бағалау қажет екендігін, үлкенге  деген құрмет, кішіге деген ізет,өмірдің әр түрлі сәтсіз кезендерінен мойымай алға ұмтылу қажет екендігін студенттерім түсінді.

 

 

 

Сонымен бірге өткен тарихымыздан сыр шертетін Ұлы Отан соғысы туралы  және оған қатысқан қазақстандықтардың ерен ерліктері туралы мәліметтермен таныстыру, отанға деген сүйіспеншілігін арттырып, отанымыздың тарихына қызығушылықтарын арттыру, достық, ынтымақтастық, жауапкершілік сезімдерін ұялату, одан соң Желтоқсан оқиғасын, тәуелсіздіктің қалай келгендігін студенттерге түсіндіру  мақсатында«Желбіре жеңіс жалауы»,  «Тәуелсіздігім тұғырым», «Желтоқсан ызғары» т.б тәрбие сағаттарын ұйымдастырдық.

16 – желтоқсан тәуелсіздік күніне орай колледж ішілік   «Тәуелсіздік –деп соғады жүрегіміз» атты композициялық қойылым байқауына студенттерім «Қайсар рухты –Қайрат» тақырыбында көрініс  дайындап, нәтижесінде  Бас жүлде иемденді. Бұл бір жағынан студенттеріміздің   Егемен еліміздің тарихы мен тәуелсіздігіміздің тартуы – рәміздерімізді таныстыруға мол мүмкіндік туғызса, Қайраттың –жігітке тән қайсарлығын, батырлығын, ерлігін дәріптеп, болашақ ұрпақты ұлтын сүйе білуге тәрбиеледі.

 

 

2018 жылы 14-ақпан күні Атырау қалалық кітапханасымен біріккен түрде ауған соғысы ардагерлерімен кездесу кеші болып өтті. Нәтижесінде студенттер қан майданда етігімен қан кешкен ардагерлерімізбен кездесіп, соғыс қиыншылықтарын өз құлақтарымен естіп, отанға деген олардың ерлік істеріне құрмет көрсету қажет екенін түсінді.

Сол сияқты  жергілікті ақын әнұран авторларының бірі  Жұмекен Нәжімеденовтің  өмірі мен шығармашылығымен  таныстыру арқылыстуденттердің қызығушылығын ояту, әнұранымызды құрметтеуге, туған жерімізді қастерлеп сүйе білуге үйрету   мақсатында «Жыр жұлдызы – Жұмекен»  атты кеш өткіздік.  Қазақ халқының рухани мәдениетінің ірі

тұлғаларының бірі Төлеген Айбергеновтің өмір жолы мен асыл мұраларын оқырман қауымға таныстыру үшін жас ұрпақты өз отанын сүюге тәрбиелеу, туған тілге деген сүйіспеншілігін арттыруға , патриоттық тәрбие негіздерін қалыптастыру мақсатында Колледж кітапханасымен біріккен түрде «Төлеген Айбергенов жыр – көшімен сырласу» атты әдеби сазды кеш өткіздім.

Нәтижесінде студенттер Жұмекен Нәжімиденовтың, Төлеген Айбергеновтің өмір жолы мен асыл мұралары яғни  өлеңдерін нақышына  келтіріп оқу арқылы,  туған жерге деген  отанына деген,   ақынға деген құрметі артып , туған тілге деген сүйіспеншіктері нығайды.

Мемлекет басшысы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында 2025 жылға дейін латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз керектігін  және болашақта барлық саладағы іс-қағаздар мен оқулықтар да осы қаріппен жазылуы тиіс екенін қадап айтты. Сондай-ақ, Үкіметке қазақ тілін латын әліпбиіне көшірудің нақты кестесін жасауды тапсырып, уақыт ұттырмай бұл жұмысты қазірден бастан қолға алу қажеттігін атап өтті.Осы мақсатта тобыма «Латын әліпбиіне көшу- заман талабы»  тақырыбында дөңгелек үстел өткіздік.

Бұл дөңгелек  үстел өткізу барысында осы межелі мақсатқа кедергісіз қол жеткізу үшін не істеу керек? Осы сұраққа студенттер жан-жақты жауап беріп өз пікірлерін ортаға салса, Атырау облыстық музейінде «Рухани жаңғыру – заман талабы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді оған 3 студент қатысты.Дөңгелек  үстелдерді өткізу барысында өзара өзекті ой бөліскен студенттер елбасы тапсырмаларын тиянақты орындау, жаңа заманның тарихын қалыптастыратын қайсар да өр, білімді де білікті, жоғары мәдениетке ие, рухани дүниесі бай болашақ маман тұлғасы  және қоғамда  өздерін көрсете және өз еліне пайдалы бола алатын, Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің құндылықтары мен мұраттары жүйесін иеленетін патриот ұрпақ  ретінде қалыптасты.

Топ  студенттерімен  батырлыққа, шешендікке, тапқырлыққа, имандылыққа,   ата салтын ардақтайтын, өз   елін  сүйер     нағыз қазақ жігітінің қасиеттерін бойына сіңіре білер ұрпақты тәрбиелеу мақсатында «Жігіт сұлтаны» байқауы өткізілді.

 

Көпті көрген дана-гөй қарттарымыздың өнегелі өмірін үлгі ете отырып, ғибрат боларлық сөздерін бойларына сіңіріп, үлкенге құрмет, кішіге ізет ете білетін инабатты, ақылды, ата – баба аманатына адал, ұлттық тәлім – тәрбиені бойына сіңірген, еңбекқор, кішіпейіл, мейірімді, төзімді, өнерлі тұлға тәрбиелеу мақсатында «Қарттарым – асыл қазынам» атты шараөткізілді. Нәтижесінде Қазақстанның өсіп – өркендеуіне, еліміздің бейбітшілікте тыныш өмір сүруіне өз үлестерін қосқан қарттарымызды құрметтеуді қадірлеуді үйренді, және адамгершілігі мол, салт  дәстүрінқұрметтейтін,өз елін сүйетін нағыз қазақ ұлтының тұлғасы қалыптасты.

      Бүгінгі күні еліміздің ұлы тарихына, ата-баба рухына, аға ұрпақтардың  қаһармандық өмір жолына құрметпен басымызды иіп, Отанымыз – Қазақстанға деген құрметтеу сезімін әр студенттің  бойында қалыптастыруға тиістіміз. М.Жұмабаев: «Жас бала – жас бір шыбық, жас күнде қай түрде иіп тастасаң, есейгенде сол иілген күйінде қатып қалмақ», – деген екен. Демек  студентті рухани тәрбиеге баулу,  оның отансүйгіштік пен ұлттық намысын ояту – топ шеберлерінің құзыретті маман тұлғасын қалыптастырудағы  басты міндеттерінің бірі. Бәсекеге қабілетті дамыған 30 елдің қатарына қосылу үшін де бұл мәселенің маңызы зор. Ендеше ұрпақ тәрбиесіне бүкіл халық болып жұмылғанымыз жөн. Сонда ғана көтерер жүгіміз жеңілдеп, көкжиегіміз кеңеймек. Біздің еңбегіміздің жемісі – тәрбие мен білімнің бірлігінде, демек бірлесіп жасаған жұмыс әрқашан нәтижелі  болары сөзсіз.

 

Тасымова Гүлзипа  Ақуақызы

Өндірістік  оқыту  шебері

 

 


Жарияланды: 14.02.201810:03

Автор: