8 – наурыз

 2024 жылдың 6 наурызында Атырау энергетика және құрылыс колледжінде көктемнің алғашқы мерекесі 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні аталып өтті.

Осы айтулы мерекеге орай колледждің ер азаматтарының ұйымдастырумен ұлағатты ұзтаздарды таңертең көтеріңкі көңіл күйде, гүл сыйлап қарсы алудан басталды. Сабақ аяқталған соң колледждің акт залында мерекелік концерт ұйымдастырылды.

Мақсаты: көктемнің алғашқы мерекесіне орай қымбатты арулар, аналар, ұстаздарға құрмет көрсету.

Мерекелік концерт колледж директоры Джумағазиев Тухфатолла Махфузұлы құттықтауынан басталды. Кеш барысында колледждің ер азаматтары ән айтып, ақындардың асыл жандарға арнаған өлең жолдарын оқып өз өнерлерін көрсетті. Кешке келген оқытушыларға ер азаматтар атынан шағын сыйлықтар тапсырылды. Мерекелік концерт өте көңілді өтті.

 


Жарияланды: 19.04.202413:46

Автор: