Қамқоршылық кеңес құрамын қайта сайлау туралы хабарлама

Қамқоршылық кеңес құрамын қайта сайлау туралы хабарлама

10.10.2022ж.

Атырау энергетика және құрылыс колледжінің коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығымен бекітілген «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларының»  2 тарау 5 тармағы негізінде Қамқоршылық кеңесін қалыптастыру және оның құрамын құру туралы ұсыныстар қабылдайтынын хабарлайды!

Атырау энергетика және құрылыс колледжінің коммуналдық мемлекеттік мекемесінде қамқоршылық кеңес құрамындағы тоғыз мүшесінің жеке өтініштері бойынша бос орынға жаңа тоғыз мүшесін сайлауға Қамқоршылық кеңес құрамына үміткерлердің ұсыныстарын күтеміз!

    

Қамқоршылық кеңес – Атырау энергетика және құрылыс колледжінің коммуналдық мемлекеттік мекемесінің әрі қарай дамуына ықпал ету, материалдық-техникалық базасын күшейтуге, колледждің өзін-өзі басқару қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында құрылады.

Қамқоршылық кеңестің құрамына шақырылады:

  • жергілікті өкілдік, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері;
  • жұмыс берушілер мен әлеуметтік әріптестердің өкілдері;
  • коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері ;
  • ата-аналар комитеті ұсынған әрбір параллель сыныптан, курстан сол білім беру ұйымында білім алушылардың бір ата-анасы немесе заңды өкілі;
  • қайырымдылық жасаушылар;

Атырау энергетика және құрылыс колледжінде Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру жіне оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларына (ҚР БжҒМ 27.06.2017ж №355 бұйрығы) сәйкес Қамқоршылық кеңес құрамына үміткерлердің ұсыныстарын күтеміз.

Ұсыныстар хабарлама шыққаннан кейінгі 10 күн ішінде қабылданады.

Байланыс телефондары:Қабылдау бөлімі тел/факс:8(7122)-21-44-48

Колледж директорының м.а.:Сапарғалиева Кунжамал Ибатовна

Директордың тірбие ісі жөніндегі орынбасары: Темірғалиев Рүстем

Электрондық почта: ask_college@rambler.ru

 

 

 


Жарияланды: 12.10.202213:33

Автор: