Атырау облысы бойынша Кәсіби даму институтының

2024 жылдың 28-29 наурыз күндері “Өрлеу” біліктілікті арттыру ұлттық орталығы акционерлік қоғамы филиалының “Атырау облысы бойынша Кәсіби даму институтының” бастамасымен “Цифрлық қоғамдағы білім берудің жаңа талаптары мен мүмкіндіктері: Замануи трендтер мен инновациялық тәжірибелер” атты білім беру қызметкерлерінің облыстық педагогикалық оқулары ұйымдастырылды.

Педагогтің әдістемелік, ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметін жандандыру, кәсіби дамуын жетілдіру, білім сапасын арттыруда оқыту технологиялары мен цифрлық платформаларды тиімді қолданудағы озық тәжірибені анықтау және насихаттау мақсатында өткізілді.

Өңірде бастау алған білім беру қызметкерлерінің облыстық педагогикалық оқуларына 17 бағыт бойынша 173-ге жуық педагог маман қатынасты.

Облыстық педагогикалық оқуларда Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары оқытушылары секциясы бойынша колледжіміздің арнайы пән оқытушылары Тасымова Г.А жүлделі ІІ орынды және Куспанова К.К. Өрлеу біліктілікті арттыру орталығының Құрмет грамотасымен марапатталды.

Жүлдемен оралған әріптесімізді жетістігімен

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

 


Жарияланды: 20.04.202410:01

Автор: