«Дәнекерлеу ісінің шебері»

2024 жылдың 28 наурызында колледждің жылдық әдістемелік жоспары және «Құрылыс» бөлімінің онкүндігі аясында «Дәнекерлеу ісінің шебері» атты техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының арнаулы пән оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлеріне арналған форум өтті. Форумға облыс колледждерінің өндірістік оқыту шеберлері мен арнайы пән оқытушылары қатысты. Форумның мақсаты: Білікті мамандарды даярлау бойынша озық тәжірибені тарату, өндірістік оқытудың мазмұны мен оны іске асыру шарттарына бағытталған жаңа тәсілдің үздік әдістемелері және тәжірибелерімен бөлісу, WorldSkills Kazakhstan қозғалысын дамыту арқылы білім беру мекемелерінің өндіріспен байланысын нығайту. Форумға қатысушылар форум бағдарламасына сәйкес оқу өндірістік сабақтарға, теориялық сабақтар, шеберлік сағаттарына қатысып тәжірибе алмасты. Колледждің әлеуметтік серіктес мекемелеріне экскурсия ұйымдастырылды.


Жарияланды: 20.04.202409:38

Автор: