Дәстүрлі «AESKSkills-2024» колледжішілік чемпионат ұйымдастырылды.

2024 жылдың 29 наурызда Атырау энергетика және құрылыс колледждің әдістемелік жұмыс жоспарына сәйкес, «AESKSkills-2024» колледжішілік чемпионат өтті. Чемпионат мақсаты – еліміздің экономикалық дамуына үлес қосатын орта буын мамандарының қызметін жастар арасында кеңінен насихаттау, кәсіби жұмысшы мамандықты таңдаған білім алушыларды кәсіби шеберлігі мен тұлғалық ерекшеліктерін шыңдауға бағыттау. Чемпионатқа 21 құзіреттілік бойынша 64 қатысушы, 62 сарапшы қатысты. Сондай-ақ қатысушылардың жұмысын әлеуметтік әріптестерімізде бағалады, атап айтқанда «Дәнекерлеу жұмыстарының технологиясы» құзіреттілігі бойынша Идрисов Хамидолла ЖШС «АтырауТемірКонстракшн» бас маманы, «Плиткамен қаптау» құзіреттілігі бойынша Есетов Асхат ЖШС «АтырауҚұрманҚұрылыс» маманы, «Кірпіш қалау» құзіреттілігі Кубаев Гадил Азамат –Аман мекемесінің директоры, «Сантехника және жылыту» құзіреттілігі Утекешов Кудайберген ЖШС «ПКФ Континент Ко ЛТД» маманы, Қанатұлы Ринат – «Өндірістік автоматика» және тәжірибе алмасу мақсатында сарапшылар ретінде облыстағы колледждерден арнаулы пән оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері қатысты. Әріптестер чемпионат туралы жақсы пікірлерімен бөлісіп, чемпионат жақсы деңгейде өткенін атап өтті. Чемпионат соңында колледж директоры Джумагазиев Тухфатолла Махфузұлы студенттерді марапаттарымен құттықтап, аймақтық чемпионатқа өткен жеңімпаздарымызға сәттілік тіледі.


Жарияланды: 20.04.202409:49

Автор: