Колледждің тарихы
Атырау энергетика және құрылыс колледжі ғимараты 1974 жылы салынған, сол жылы №-101 Кәсіптік техникалық училище атауымен аталды. Кейіннен, Гурьев облыстық кәсіби техникалық Білім беру басқармасының 27.08.1984 жылғы №-71-1975 бұйрығы негізінде, №6 кәсіптік техникалық училище болып ауыстырылды.
Одан кейін Атырау облысы әкімінің 8 мамыр 1996 жылғы №-01/306 р өкімі бойынша, №-5 және №-6 кәсіптік техникалық училищелерді қосып, көп салалы мамандықтар бойынша мамандар дайындайтын, №-3 кәсіптік техникалық училище болып ауыстырылды. Кейін Қазақстан Республикасы Президентінің 27.01.1996 жылғы №-2829 жарлығы Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің 27.05.1996 жылғы №-152 бұйрығы және 09.08.1996 жылғы №-165 Атырау облыстық Білім беру басқармасының бұйрығы негізінде, №-3 кәсіптік техникалық училище, №-3 кәсіптік мектеп атауына ауыстырылды.
Кейіннен, Атырау облыстық Білім беру басқармасының 22.05.2003 жылғы бұйрығы негізінде, бастауыш кәсіптік білім беру ұйымдарының атауын Қазақстан Республикасының Білім туралы заңының бірінші бап 29-30-шы тармақшасына сәйкестендіру мақсатында, №-3 кәсіптік – техникалық мектеп атауы, 2003 жылғы 1-ші шілде айынан бастап №-3 кәсіптік мектеп атауына өзгертілді.
Одан кейін, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 38-ші бабына, 105- бабының 2-ші тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23- қаңтардағы №-148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 27 шілдедегі №-319 «Білім туралы» заңының 1-ші бабы 31-ші тармақшасына және облыс әкімиятының 2008 жылғы 7-ші сәуір №-81 қаулысына сәйкес, №-3 кәсіптік мектеп атауы, 2008 жылғы 10-шы сәуір айынан бастап, Атырау қаласының №-6 Кәсіптік лицейі мемлекеттік мекемесі деген атауына өзгертіліп ауыстырылды.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27, 37 – баптарына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1-ші наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 17-ші бабына сәйкес, облыс әкімдігінің 2012 жылғы 4-ші маусым №170 қаулысына байланысты, «Атырау қаласының №6 кісіптік лицейі» атауы «Атырау энергетика және құрылыс колледжі» мемлекеттік мекемесі болып қайта өзгертіліп аталынды.
Атырау қаласындағы Атырау энергетика және құрылыс колледжі нарықтық экономикаға төтеп беретін құрылысшы мамандығын игерген жұмысшы кадрларын дайындайтын бірден -бір білім ошағы.
Оқу-тәрбие жұмысын өте білікті, өз мамандықтарын ыстық ықыласпен сүйетін ұстаздар мен өндірістік оқыту шеберлері жүргізеді.Оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлері үнемі өз білім деңгейлерін көтеріп отырады, сабақ процесінде жаңашыл технологияны қолданып, жаңа әдістер арқылы білім мен тәрбиені қатар жүргізеді. Колледжде оқу тәрбие жұмысына тікелей жауап беретін 45 пән мұғалімдері, 30 өндірістік оқыту шеберлері бар.
Колледждің 780 оқушыға арналған оқу кешені,200 орындық асханасы, кітапханасы, спорт және мәжіліс залы,4 компьютермен жабдықталған желілік мультимедиялық бөлмесі,15 өндірістік оқыту цехы,оқу жаттығу алаңы бар. Барлығы да соңғы үлгідегі құрал жабдықтармен қамтылған. Колледж ішінен «Авангард» оқу орталығы ашылып, онда қазіргі заман талабына сай 52 мамандық оқытылады. Колледж 28 әлеуметтік серіктестіктермен бірлесіп жұмыс істейді.
1974 жылдан бастап Колледжі басқарған азаматтар.
- 1974-1984 -жыл-Попов Виктор Алексеевич
- 1984-1986- жыл-Истомин Валерий Азарьевич
- 1986-1989 -Жариков Валерий Алексеевич
- 1989 жылдан бастап Темірташев Нұрғали Құмарұлы