Кәсіптік бағдар жұмысы

Мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру мақсатында «Мамандықтар жәрменкесі» ұйымдастырылды.

Кәсіптік бағдар беру — қоғамның қажеттілігіне қарай әрбір оқушының қабілеттілігі мен бейімділігін ескере отырып, кәсіпке қызығушылығын қалыптастыруға және болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға көмектесуде, мақсатты атқарылатын жұмыс. Кәсіптік бағдар беру жұмысы жас ұрпақтың саналы түрде болашақ мамандығын қателеспей таңдауға мүмкіндік жасайды.

Оқушыларға колледждегі әр түрлі мамандықтардың маңызы мен мәні туралы түсініктерін жүйелеу, тереңдету. Талапкерлерге қойылатын талаптармен таныстыру. Мамандықтың ерекшелігі, оның қоғамда алатын орны туралы түсініктер беру. Талапкерлердің назарына 2024-2025 оқу жылындағы колледждегі мамандықтар бойынша күндізгі оқу бөлімдеріне қабылдау ережелері таныстырылды. Сонымен қатар колледж мамандықтары туралы қағаздар таратылды. Кездесуге келгендердің барлық оқушылар мемлекеттік тапсырыс бойынша болатын мамандықтарға үлкен қызығушылық танытты.

Колледждің жетістіктері мен мамандықтары туралы презентация мен видео көрсетіліп, баяндалды. Колледждің мамандары мамандық таңдауға септігін тигізу мақсатында өз ойларымен бөлісіп, тың пікірлері мен ақыл-кеңесін айтылды. Олар өздерінің еңбек жолындағы жетістіктерін өздері білім алған шаңырақ осы колледждің мамандар дайындаудағы тынымсыз еңбектің нәтижесі екенін дәлелді айта білді.


Жарияланды: 20.04.202409:39

Автор: