Колледж миссиясы
Колледждің миссиясы:
«Энергетика және құрылыс саласында үздіксіз кәсіби өсуге дайын, жоғары білікті жұмысшы кадрлары мен орта буын мамандарды даярлау»
– ақпаратты өңдеу және жүйелеу, колледждің өзін-өзі тексеру материалдары бойынша алынған деректерді талдау, олардың білім беру мақсаттарына сәйкестігін анықтау;
– колледждің өзін-өзі тексеруі үшін мамандықтар бойынша оқу жоспарының барлық блоктарының оқу пәндері бойынша студенттерге бақылау сауалнамаларын (тестілеуді) өткізу;
– Ақэаж өзін-өзі тексеру нәтижелері бойынша қорытынды жасау және есеп қалыптастыру;
– үздіксіз тәжірибеге бағдарланған білім беру ортасын құруға бағытталған оқу процесінің мазмұны мен ұйымдастырылуын жетілдіру;
-білім беру процесінде, ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметте модульдік-құзыреттілік тәсілді іске асыру арқылы сыртқы тапсырыс берушілердің өсіп келе жатқан талаптарына сәйкес білім беру сапасын арттыру;
– болжамды, модельдейтін, маркетингтік және мониторингтік қызметті орындайтын сапаны басқару жүйесін құру, колледждің білім беру процесін бағалау параметрлерін әзірлеу;
-колледждің педагогикалық және басшы қызметкерлерінің, әдіскерлерінің, әкімшілік-шаруашылық персоналының біліктілігін арттыру жүйесін жетілдіру және дамыту арқылы оқу процесін кадрлық қамтамасыз етуді әртүрлі нысандарда сапалы жақсарту;
– студенттерді жалпыадамзаттық құндылықтарға, ұлттық негіздер мен академиялық дәстүрлерге баулу, оны кәсіби Ар-намыс пен этика рухында тәрбиелеу;
– адамның салауатты өмір салтына деген ішкі қажеттілігін, табиғи және әлеуметтік-мәдени ортаға жауапкершілікпен қарауды тәрбиелеу;
– жеке тұлғаға бағдарланған, денсаулықты сақтайтын педагогиканы іске асыру;
– қосымша білім беру, кәсіптік қайта даярлау, кәсіптік білім берудің негізгі бағыттары бойынша тағылымдама бағдарламаларының кешенін құруды жалғастыру;
– облыс кәсіпорындарында жұмыс істейтін ересек адам үшін білім беру қызметтерінің мониторингін жүзеге асыру (қайта даярлау, біліктілікті арттыру және т.б.).