Өзара ынтымақтастық туралы

«Атырау энергетика және құрылыс колледжі» КМҚК директоры Джумагазиев Т.М. ЖШС “Есенов колледжі” басшысы Серикбаев Казбек Альмухановичпен өзара ынтымақтастық туралы келісім шартқа қол қойды. Келісім шарттың мақсаты кредиттік-модульдік оқыту технологиясы бойынша білікті кадрларды даярлау, ҚР колледждері арасындағы әріптестік қатынастарды нығайту. Тараптар ынтымақтастығының негізгі бағыттары: ТжКБ мен жұмыс берушілердің өзара іс қимылының тиімді модельдері мен тетіктерін әзірлеуге және енгізуге бағытталған бірлескен іс шараларды, мамандарды даярлау үшін ашықтық және қолжетімділік қағидаттарында қолда бар білім беру ресурстарын (материалдық-техникалық, әдістемелік, ақпараттық, кадрлық, жұмыс берушілермен әлеуметтік әріптестік ресурс ретінде) тиімді пайдалану мәселелері бойынша тәжірибе алмасу, ұйымдастыру, энергетика және өнеркәсіптік автоматика құзыреттілктері бойынша Worldskills стандарттарына сай мамандарды даярлауда тәжірибе алмасу, бірлескен инновациялық білім беру бағдарламаларын әзірлеу және енгізу.

 

 


Жарияланды: 19.02.202413:16

Автор: